2020 жылдың 12 қарашасында Нұр-Сұлтандағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанының аясында «Бүгін салауатты өмір салты сәнде!» тақырыбында онлайн-профилактикалық іс-шара өткізді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.В.Бережная студенттер мен мамандарға кіріспе сөз сөйледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушілері Хамзин К.Ж. және Тоқтарова Ж.Ш. студенттерге «Алкоголизмнің алдын-алу, оның жас ағзаға әсер ету салдары» және «Психоактивті заттардың алдын-алу» тақырыптары бойынша презентациялар көрсетті.
Кездесу интерактивті қарым-қатынас форматында өтті, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдысында маңызды болды.
![](/public/sova_sko_skppk/files/2020/11/13/131120_143148_whatsapp-image-2020-11-12-at-142340.jpeg)
![](/public/sova_sko_skppk/files/2020/11/13/131120_143158_whatsapp-image-2020-11-12-at-142411.jpeg)
![](/public/sova_sko_skppk/files/2020/11/13/131120_143209_whatsapp-image-2020-11-12-at-142429.jpeg)
![](/public/sova_sko_skppk/files/2020/11/13/131120_143218_whatsapp-image-2020-11-12-at-143519-1.jpeg)